Мектепке ауысып келген оқушыларға мемлекеттік қызмет көрсету
18.09.2026
"Мариновка ауылының ✓2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 — 2027 оқу жылында мектепке ауысып келген оқушвларды қабылдау және тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде. Мектепке ауысып келген әрбір оқушының білім алуына қолайлы жағдай жасау, құжаттарын белгіленген тәртіппен рәсімдеу және оқу үдерісіне бейімделуіне қолдау көрсету — басты міндеттеріміздің бірі.
Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні ішінде.
Ауысып келушілер үшін қажетті құжаттар тізімі:
1.Ата-ананың (заңды өкілінің) өтініші;
2.Баланың тууы туралы куәлігі/ЖСН;
3.Баланың денсаулық паспорты № 026/у нысаны;
4.№ 063/у нысаны бойынша егу картасы және № 086/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
5.3×4 көлеміндегі фотосурет — 2 дана;
6.Бұрынғы оқыған мектебінен жеке іс қағазы және үлгерім табелі.
Шетел азаматтары үшін — ҚР-да тұруға ықтиярхат қосымша талап етіледі. Барлық құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі бірге ұсынылады. Артық құжат талап етілмейді.
Мектеп ұжымы жаңадан келген оқушыларды қарсы алып, олардың білім алуы мен жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасауға дайын. Ауысып келген әрбір оқушыға біздің мектепте жылы қабылдау, сапалы білім және қолдау көрсетіледі!
Білім — болашақтың берік негізі.